My PNU Life
Unforgettable trip to Geoje Island, a day spent with my mentor.
GULNAZ SHAKIRIMOVA
NationKazakhstan
ClassificationUndergraduate students
DepartmentDepartment of Global Studies
LanguageKazakh
Өткенге үңіле отырып әр адам өзіне өте бақытты кездерді есіне түсіре алады. Мен үшін Пусан университетіндегі ұмытылмас сәттердің бірі менің тәлімгерлерім және досым Акмирамен бірге өткен маусымда Коджедо аралына сапарым болды. Коджедо аралына сапарымыз қысқа болғанымен жақсы естеліктер қалдырған бұл екі күнгі сапарымыз туралы осы жеке мақаламда жазып айтқым келеді.
2019 жылдың 1 маусымында біз таңертең ерте күннің атысымен Коджедо аралына жолға шықтық. Қорытынды емтихандарға азғана уақыт қалған болса да, Коджедо аралына баруға асық болған біздің жүрегіміз қуанышқа толы болды. Жолға бір сағаттай уақыт кеткенімен, тәлімгерлеріммен сөйлесіп уақыттың қалай тез жылжып кеткенін байқамай, енді көзімізді ашып қалған кезде алдын ала резерв жасап қойған қонақ үйдің есігі болды. . Біз тоқтаған қонақ үй керемет мұхит көрінісі бар “Geoje Forest Resort”-ы болды.
Заттарымызды қонақ үйге қалдырып, орналасқаннан кейін, Коджедо аралындағы “Hakdong Mongdol Beach” атты жағажайға аттандық. Жағажай туралы достарымыздың әңгімелерін бұрын естіген болсақ та, осы жолы өз көзімізбен көргендіктен, біз ойлағаннан да өте әдемі, ал тастарға соғылған теңіз суының дыбысы өте ерекше болып көрінді. Біз барған таңғажайып жағажайдың басқа жағажайлардан айырмашылығы құмды және қиыршық тастарға толы болғаны.
Теңіз самалымен күні бойы жағажайда тыныстап серуендегеннен кейін, кешкі асты бір отбасы сияқты кореялық пулькоги, теңіз тағамдарынан жасалған паджон, сашими сияқты түрлі тағамдарын бірге дайындадық.
Үстел басында отырғанда тәлімгерлеріміз бізге тағамдарды бір-біріне қалай қосып, араластыру керектігін өте түсінікті түрде үйретіп көрсетті. Осыдан кейін біз тәтті тағамдарды сатып алу үшін жақын жердегі дүкенге барып, теледидар көре отырып, сатып алған тағамдарды тамсана жедік. Кейін біз Кореяның ұлттық ойынын ойнадық. Алғашқы кезде бірден ойнап кету өте қиын болды, бірақ ойынға қызыға кіріскен сайын уақыттың қалай тез өтіп кеткенін байқамай қалдық. Сағатқа енді бір қарағанда сағаттың тілі оннан асып, он бірге таяу қалғанын байқадық. Ұйқыға дайындалып жатар кезде тәлімгерлеріміздің бізге арнап бет маскасын әзірлеп қойғанын көрдік.
Қуанғанымыз сонша көзіме жас келгенін де жасыра алмадық. Сол кезде ішімізден өзіміздің ата-анамыз алыста болса да осылай бізге үнемі қамқор болып жүретін тәлімгерлеріміз болғаны үшін бақытты жандармыз деген ойда келді. Осылайша жылы кешпен сапарымыздың бірінші күні де өтті.
Келесі күні таңертең дәмді тағамның хош иісі мұрнымызды жарып оятты. Төсегімізден тұрып қарасақ, тәлімгерлеріміз ерте тұрып дайындап қойған таңғы астың иісі екен. Тәлімгердің «Қайырлы таң!» деген күлімдеген сөзінен маған анамның дауысы сияқты болып естілді. Таңертеңгілік асты ішіп болғаннан кейін, тәлімгерлеріміз бізге келіп: «Күннен қорғайтын кремдерің бар ма? Жоқ болса, осыны колдана қойындар!» - деді де, біздің қолымызға кремді ұстата берді.
Осылайша сапардың екінші күні басталып кетті. Көлікпен Кореяның дорамаларын түсіруде көп рет таңдалған “Windy Hill” деп аталатын туристік орынға да келіп жеттік. Одан бұрын осы аралға бір рет келген болсам да, әр көрген сайын өте әдемі және тыныш жер болып байқалды. Ойпатты жердің басына шығып, теңізге қарап, күні бойы отыруға дайын болған сияқты қуанышты сезімге бөлендім. Әрі ауа-райы да өте қолайлы болып , суреттер де өте әдемі шыққаны дәлел. Содан кейін біз президент, әрі саясаткер Ким Ён Самдің туған жері Коджедо аралы болғандықтан, осы кісіге арнап жасалған деректі көрмені көруге бардық. Президент қолданған заттарды өз көзімізбен көріп, тәлімгерлеріміздің ақпараттарын тыңдап, осылайша бұрын білмеген мәліметтермен білімімді толықтырып алдық. Жақын жерде балмұздақ, басқа да тәттілерді сататын жерге жүгіріп барып, қуана сатып алып сағынғаннан тамсана жегеніміз сонша мен өзім ағызып тамызып та алдым. Аяқ астынан тәлімгерлеріміз бізге жылы жүрегімен қолдау көрсетіп, анамыз сияқты ақ сүлгі орамалдарын да ұсынып беріп жатты.
Түстен кейін Пусанға қайтуымыз керек болғандықтан, бірақ көңіліміз түскенімен екі күндік сапарда демалатын жерлерді көріп қана қоймай, Корея мемлекетінің мәдениетінен тәжірибе жинақтап қуанып, бір серпіліп қалдық. Қорытындылай келе, маған осындай мүмкіндікті бергені үшін Пак тәлімгерлеріме және PNU International орталығының қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Рахмет!

Unforgettable trip to Geoje Island, a day spent with my mentor.

Unforgettable trip to Geoje Island, a day spent with my mentor.

Unforgettable trip to Geoje Island, a day spent with my mentor.

Unforgettable trip to Geoje Island, a day spent with my mentor.